Дәл қазір кімнің тапсырыс бергенін және кімнің орындаушы болғанын айта алмаймын, деді бас прокурор.
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Қанат Нұров бас прокурордан қаңтар оқиғалары кезінде кімнің билікті басып алғысы келгенін ашық айтуды сұрады.
"Бүгін жақсы баяндамалар жасалды. Бірақ мен бір нәрсені түсінбедім. Тапсырыс беруші кім? Мемлекеттік төңкерісті ұйымдастырушы кім? Қастандықтың жалпы картинасын көріп отырған жоқпын. Бүгінде олардың жоспарына қатысты алдын ала мәлімет бар ма? Ең соңында оларды кім басқаратын еді?", - деді Нұров.
Бас прокурор Берік Асылов дәл қазір ол сұраққа жауап бере алмайтынын жеткізді. Бірақ тергеу кезінде анықталатынын айтты.
"Тергеу жүргізіп жатқанымызға екі айдан асты. Ұйымдастырушы кім? Бұның бәріне кім жетекшілік етті? Бүлікті бастаған кімдер? Бұл – өте үлкен әрі маңызды сұрақ. Сондықтан дәл қазір кімнің тапсырыс бергенін және кімнің орындаушы болғанын айта алмаймын. Тергеудің соңында осы сұрақтың нақты жауабын табамыз деген ойдамын", - деп жауап берді Асылов.
Жаңалықтар
Қаңтарда билікті кім басып алғысы келді – депутат нақты сұрақ қойды
- author «Ақ жол»
- 14 наурыз, 2022
- 706
Қаңтарда билікті кім басып алғысы келді – депутат нақты сұрақ қойды
Ұқсас жаңалықтар
Заманмен үндес басылым шежіресінің жарқын беттері
- 30 сәуір, 2026
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді





