Жаңалықтар
Қаңтар қасіреті: қаза болғандардың аты-жөні неге жарияланбайды?
- author «Ақ жол»
- 14 наурыз, 2022
- 529
Қаңтар қасіреті: қаза болғандардың аты-жөні неге жарияланбайды?
Бас прокурор Берік Асылов Мәжілістің жалпы отырысында қаңтар трагедиясынан кейін қаза тапқандардың аты-жөні неге жарияланбайды деген сұраққа жауап берді. "Қаңтар 2022" платформасындағы қаза болғандар тізімін зерттедік, ол толық емес, олқылықтар бар. Соған қарамастан қаза болғандардың тізімін ресми түрде жариялаған жоқпыз. Оны жарияласақ, отбасы және туыстарының көңіліне қаяу саламыз деп ойлаймыз. Сондықтан алдымен зерделеу керек", - деді бас прокурор. Асылов қаңтардағы қайғылы оқиғалар салдарынан 230 адам қаза тапқанын айтты. "Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық істер тергеліп жатыр, лаңкестік әрекеттер бойынша - 46 қылмыстық іс. Бұл жайттардың бәрін алдымен зерделеу керек: кім құқықбұзушы, ал кім бейбіт шеруге шықты. Тергеу барысында мұның бәрін анықтауымыз керек, содан кейін ақпарат береміз", - деп қосты ол. Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




