Жаңалықтар
Қазақстан екі рейспен Украинаға гуманитарлық көмек жібереді
- author «Ақ жол»
- 13 наурыз, 2022
- 802
Қазақстан екі рейспен Украинаға гуманитарлық көмек жібереді
Қазақстан екі рейспен Украинаға гуманитарлық көмек жібереді. "Халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссия отырысының хаттамасын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Украинаға гуманитарлық көмек жібереді. ҚР Үкіметі жанындағы халықаралық гуманитарлық көмек көрсету мәселелері жөніндегі комиссия Украина халқына медициналық препараттар жіберу туралы шешім қабылдады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, Алматы - Катовице (Польша) бағыты бойынша гуманитарлық жүкті әуе кемесімен жеткізу мәселесін қарастырды", - делінген хабарламада.
Украина азаматтарына гуманитарлық көмек 2022 жылы 14 және 15 наурызда Алматы қаласының әуежайынан екі рейспен жіберіледі. "Гуманитарлық көмектің жалпы салмағы 28,2 тонна болады және 17 түрлі дәрі-дәрмек: антибиотиктер, қабынуға қарсы, антитуссив және антигипертезив дәрілер", - делінген хабарламада.Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




