Жаңалықтар
Ринат Кертаев Amanat партиясының хатшысы болып тағайындалды
- author «Ақ жол»
- 10 наурыз, 2022
- 570
Ринат Кертаев Amanat партиясының хатшысы болып тағайындалды
Партия төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қаулысымен AMANAT партиясының хатшысы болып Ринат Думанұлы Кертаев тағайындалды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.
Ринат Кертаев 1983 жылы 23 сәуірде дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Қоғаммен байланыс» және «журналистика» (магистратура) мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын «Хабар» Агенттігі» АҚ Алматы филиалында продюсер болып бастаған. Агенттікте бірқатар қызмет сатыларынан өтіп, 2016 жылы «Хабар» арнасының директоры болып тағайындалды. «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.
2018 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




