Ресейдің паралимпиада құрамасы еліне қайтарылды
Ресейдің паралимпиада құрамасы жарысқа мүлде жіберілмей, еліне қайтарылды. Халықаралық паралимпиадалық комитет Ресей мен Беларусь спортшыларын бастапқыда бейтарап статуста қатыстырып, жалпы медальдық есепке қоспайтынын жеткізген. Кейін комитет Ресей спортшыларын мүлде жарысқа жібермей, еліне кері қайтару туралы шешімге келді.
Енді халықаралық ұйым бас ассамблеяның кезектен тыс жинын өткізіп, Ресей мен Беларусь федерацияларын мүшеліктен шығару мәселесін талқылауды жоспарлап отыр.
Бұған қоса халықаралық паралимпиадалық комитет Ресей мен Беларусь елдерінде ешқандай шара ұйымдастырмайтынын мәлімдеді.
Бұған дейін футбол, бокс, теннис, шахмат және басқа да спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялар Ресей және Беларусь спортшыларын жарыстардан шеттетіп, аталған елдерде бәсеке өткізбейтінін мәлімдеген еді. Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




