Жаңалықтар
Елімізге ресейліктер көптеп келе бастаса белгілі бір іс-шаралар қолға алына ма? СІМ жауап берді
- author «Ақ жол»
- 10 наурыз, 2022
- 823
Елімізге ресейліктер көптеп келе бастаса белгілі бір іс-шаралар қолға алына ма? СІМ жауап берді
Егер елімізге ресейліктер көптеп көшіп келіп жатса азаматтық алу мәселесі қиындатыла ма? Журналист сұрағына Үкімет отырысынан кейін кулуарда Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді жауап берді.
"Әзірше ондай көлемді өтініштер түсіп жатыр деп айта алмаймын", - деді Сыртқы істер министрі.
Сонымен қатар Мұхтар Тілеуберді министрлік Украинадағы қандастарымызды елге қайтаруға әзір екенін айтты.
"Украинада тұрып жатқан көптеген қандасымыз бар. Олар Қазақстанға эвуакуациалауға өтініш білдірсе елімізге алып келуге дайынбыз. Тиісті тапсырманы Мемлекет басышысы берген. Өздеріңіз білетіндей, қазіргі жағдайда ЕуроОдақ Украина азаматтарына үлкен көмек көрсетіп жатыр. Оларға Еуропаға көшуге мүмкіндік беріп отыр. Оның ішінде визасыз, қаржылай да қолұшын беріп жатыр. Украинадағы қандастарымыз осы мүмкіндіктерді де қарастырғаны жөн",- деді Мұхтар Тілеуберді. baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




