Facebook пайдаланушылары ақшаны жеке хабарламалар көмегімен жібере алады
- author «Ақ жол»
- 7 қазан, 2014
- 840
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жақын арада Facebook әлеуметтік желісі хабар алмасу қосымшасына хабарлама арқылы ақша аудару функциясын қоспақшы, деп хабарлады buro247.kz порталы.
Диалогқа қатысушылар өз достары немесе туыстарына жеке хабарлама көмегімен сурет қосып жолдаған сияқты ақша аудара алады. Қаржыны жіберу кезінде арнайы пин-код енгізу керек. Бір Facebook аккаунтына бірден бірнеше банк карталарын бекітуге болады.
Осындай мүмкіндік туралы бейресми түрде Стэнфорд университетінің студенті Эндрю Одудың арқасында белгілі болды. Ол Messenger қосымшасының кодын бұзған. Ол бағдарламаның қалай әрекет ететіні көрініп тұратын скриншоттар мен видеоны жариялаған. Оның сөзіне қарағанда, ақша аударымы функциясы Америкада бірнеше айдан кейін қол жетімді болады.
Ақпарат көзі kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




