«Теңізшевройл» Атырау тұрғындарының денсаулығын жақсартуға 4 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы бөледі
- author «Ақ жол»
- 7 қазан, 2014
- 529
Аталған бағдарлама жүрек ауруларын ерте анықтауға арналған. Қаржының басты бөлігі диагностикалық және терапевтік жабдықты сатып алуға және Атырау облыстық кардиологиялық, Атырау облыстық сурдологиялық және облыстағы басқа да жеті аурухана үшін мамандарды оқытуға жұмсалатын болады.
«Шеврон» корпорациясы Директорлар кеңесінің төрағасы және корпорацияның бас директоры Джон Уотсонның зайыбы Дайан Уотсонның айтуынша, облыстық денсаулық сақтау саласындағы басты қажеттіліктерді анықтау мақсатында ТШО және Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы бірлесе еңбек еткен. «Шеврон» корпорациясы өзі қызмет атқаратын елді мекендер тұрғындарының денсаулығын жақсарту мәселесі тек бизнестік сипаттағы ғана емес, сонымен қатар қажетті іс болып табылады. «Шеврон» корпорациясы өзі қызмет атқаратын елді мекендерде өз қызметкерлерінің, олардың отбасы мүшелерінің және тұрғындардың медициналық көмек алу мүмкіндіктерін жақсарту үшін, адами, қаржылай және техникалық ресурстарын қолданады», - деді Дайан Уотсон.
Диагностикалық және терапевтік жабдық Атырау кардиологиялық орталығында анағұрлым күрделі ауруларды емдеу үшін техникалық қуатты арттыратын болады. Алғашында жоспарланған ангиографиялық кешенге қоса, ақауды көруге мүмкіндік беретін диагностикалық зерттеу және жүрек соғысының бұзылуын анықтауға арналған құралдар сыйға тартылатын болады. Ауруды ерте емдеу, жүрек-қан тамыры ауруларының екінші мәрте алдын алу шаралары өмір ұзақтығына, сапасына және өнімділігіне оң әсерін тигізеді. ТШО өтеусіз көмегі, сондай-ақ Атырау облыстық балалар ауруханасының сурдологиялық зертханасын кеңейтуге де мүмкіндік береді. Ауруды ерте анықтау және емдеу балалардың сөйлеу және тіл дағдыларын дамытуға және әлеуметтік және эмоциялық қарым-қатынастың басым бөлігіне ерте жастан-ақ араласа алуына ықпалын тигізеді.
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




