Жамбыл ауданына жаңа әкім тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімімен, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Ерлан Қыдыралыұлы Жамбыл ауданының әкімі болып тағайындалды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аудан активіне жаңа әкімді таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.
Аймақ басшысы Жамбыл ауданының әлеуетін тиімді пайдаланып, өңірдің экономикасын көтеруге, кәсіпкерлік, ауылшаруашылық саласын дамытуға барынша ден қою керектігін атап өтті. Сондай-ақ, ауданның жаңа басшысына әлеуметтік мәселелерді оңынан шешу, қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында жүйелі жұмыстар жүргізуді тапсырып, нақты міндеттер жүктеді.
Ерлан Қыдыралыұлы 1966 жылы туған. Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «зооинженер», Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін «экономист-қаржыгер» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1986-2002 жылдары ауыл шаруашылығы саласында ферма зоотехнигі, ферма меңгерушісі, бас зоотехник болып бастаған.
Әр жылдары, ауыл әкімі, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Жамбыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Жамбыл ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымдарында еңбек еткен.
2016 жылдың қыркүйегінен бастап Жамбыл ауданы әкімінің ауылшаруашылығы саласы бойынша орынбасары әкімі қызметін атқарып келді
Отбасында 5 қыз өсіріп, тәрбиелеуде. Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында 46 көпқабатты тұрғын үй салынуда
- 1 желтоқсан, 2025
Жазушыға 100 сұрақ: Көсемәлі Сәттібайұлы оқырманмен кездесті
- 20 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




