Жылыжайдың бабын тапқан Нұржан
Қазіргі таңда судың тапшылығын түсініп, тиімділікке көшкен, жылыжай өндірісін мықтап қолға алған кәсіпкерлер ауылда да, қалада да кездеседі. Сондай кәсіп иесінің бірі – қаратаулық Нұржан Ахметқалиев. Нұржан Қаратаудың «Флора» саяжайында 30 сотық жерге 3 жылыжай орналастырып, қияр, қызанақ өсіріп, табысқа кенелуде. Одан бөлек осы тәсілмен 10 сотық аумаққа жүгері өсіріп келеді. Жылыжай жылына екі маусым егілетіні белгілі. Нұржан бір маусымда 30 сотық жерден 10-12 тонна өнім алып отыр. 5 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Қызанақтың бағасы қашанда көтеріңкі екенін ескерсек, Нұржанның еңбегі еш кетіп жатқан жоқ. Мәселен, қызанақ келісі 300 теңгеден болса, бір маусымда 3,5 миллион теңге табысқа қол жеткізеді деген сөз.
Нұржан Нұрмашұлының қолынана іс келетінін білген Қаратау қаласының әкімдігі бұл кәсіпкерге «Дочная» су қоймасының жанындағы жаңадан дайындалған 4 гектар жердің 50 пайызын беріп отыр. Нұржан ол жерге де жылыжай салып, алма, өрік, алмұрт жеміс ағаштарын өсірмек.
– Мұндай еңбеккеш, жаңашыл кәсіпкерлерді қашанда қолдаймыз. Аталған 4 гектар аумақтың тең жартысын осы азаматқа беріп жатқанымыз бекер емес. Нұржан «Атамекен» Ұлттық кәсіпорны коорпорациясы арқылы 4 миллион теңге несие алып, жұмысын дөңгелетуде. Ол істің көзін табады. Қоғамдық жұмысқа да белсенді. Қай кезде де мұқтаж жандарға қайырымы мол. Сондықтан сенім артып отырмыз. Қаладағы өзге де жылыжай саламын, жеміс-жидек өсіремін деген кісілер болса, мүмкіндікке қарай қолдауға әзірміз, – дейді Қаратау қаласының әкімі Дархан Байымбетов.
Есет ДОСАЛЫ
Талас ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Таза ауыз сумен 19 елді мекен қамтылды
- 6 желтоқсан, 2025
Масылдық неге дендеп барады?
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




