Жаңалықтар
Былтыр ақылы автожолдардан 8 млрд теңгеден астам қаржы түсті
- author «Ақ жол»
- 10 ақпан, 2022
- 617
Былтыр ақылы автожолдардан 8 млрд теңгеден астам қаржы түсті
Былтыр еліміздегі ақылы автомобиль жолдарынан түскен қаражат көлемі 8,1 млрд теңгені құрады.
Жалпы ұзындығы 682 шақырым болатын төрт ақылы жол: «Нұр-Сұлтан - Теміртау», «Нұр-Сұлтан - Щучинск», «Алматы - Қапшағай» және «Алматы - Қорғас» республикалық жол учаскелерінен 6,9 млрд теңге түсті.
Сонымен қатар елімізде өткен жылдың 23-қарашасынан бастап тағы 7 ақылы учаске жұмыс істей бастады. Олар: «Тараз – Қайнар», «Шымкент – Қызылорда», «Шымкент – Тараз», «Шымкент – Өзбекстан шеккарасы», «Талдықорған – Қапшағай», «Көкшетау – Щучинск», «Нұр-Сұлтан – Павлодар» автожолдары. Бұл учаскелерде бір айдан сәл астам уақыт ішінде 1,2 млрд теңге түсті.
Жиналған қаражат ақылы жолдарды күтіп ұстауға және бағдарламалық-аппараттық кешенін қолдауға бағытталмақ.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




