Жаңа кәсіп бастау оңай шару емес. Дегенмен тәуекелге бармай тағы болмайды. Осыны түсінген Айнұр Кәрімбекқызы өзі тұратын жеке тұрғын үйін балабақшаға айналдырады. – Қандай бастама болмасын, алғашқы кезде қиындықтар болмай тұрмайды. Сол қиындықтарды еңсере отырып, 50 балаға арналған жеке балабақша ашып жұмысты бастап кеттік. Әр топқа 10-13 бала жинап, 4 топ аштық. Оқу процесіне білікті педагогтер, тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі, әдіскер, психолог, аспаз, медбике сынды мамандар тарттық. Ата-ананың көңілінен, талабынан шығу үшін барымызды салдық. Жұмыс бастағаннан бергі төрт жылда мекемеміздің мәртебесін арттырып, біліктілігімізді көтеріп алдық. Қазір біздің қызметімізге жүгінетін, балаларын біздің білім ордамызға беретін ата-аналар қатары көбейді, – дейді кәсіпкер. Бүгінгі таңда кәсіпер бизнесін кеңейту мақсатында шаруашылық құрылыстары бар бос тұрған қонақүй ғимаратын сатып алып, 1-6-сыныптарға арналған арнайы мектеп ашып отыр. Кәсіпкер бұл мақсатын жүзеге асыру үшін «Даму» қорының облыстық филиалына қайырылыпты. Қор қызметкерлерінен толыққанды кеңес алған ол арманына қол жеткізіп, жоспарын іске асыру үшін «ForteBank» АҚ жүгінеді. Сөйтіп жылдық мөлшерлемесі 14 пайызды құрайтын несиені алады. Несие инвестициялық мақсатта, яғни жылжымайтын мүлікті сатып алу бағыты бойынша рәсімделеді. Қор өкілдерінің айтуынша, кәсіпкерге қаржы «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы, яғни кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту аясында берілген. Ал «Даму» қоры берілген қаржының 8 пайызын субсидиялауды қамтамасыз етсе, ал кәсіпкердің төлейтін жылдық мөлшерлемесі 6 пайызды құрады. – Қазіргі таңда жаңа ғимаратта 1-4-сыпыптар білім алуда. Алдағы уақытта 5 пен 6-сыныптар үшін арнайы сыныптар ашылатын болады. Жоспарымыз қазақ тілімен қатар шет тілдерін тереңдетіп оқыту. Мектепте ағылшын тіліне көп басымдық беріледі, – деп жоспарымен бөлісті Айнұр Кәрімбекқызы.
Сара Макуова, студент.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Неліктен Атом энергетикасы Қазақстан үшін маңызды?
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді