Жаңалықтар
Жаппай тәртіпсіздіктен кейін 73 қылмыстық іс қозғалды
- author «Ақ жол»
- 26 қаңтар, 2022
- 190
Жаппай тәртіпсіздіктен кейін 73 қылмыстық іс қозғалды
Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Темірбек Оразымбетов өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында 4-7 қаңтар аралығында Тараз қаласында бейбіт жиындар өткізу туралы заңнаманы бұзудың салдары әкімшілік ғимараттарды өртеу, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қызметкерлер мен бейбіт тұрғындарды өлтіру секілді жаппай тәртіпсіздікке ұласуына байланысты Жамбыл облысының құқық қорғау органдарымен бүгінгі күні 73 қылмыстық іс, оның ішінде Полиция департаментімен 64 қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады.
Орын алған жаппай тәртіпсіздік оқиғаларының нәтижесінде алған жарақаттарынан 15 адам қаза болып, 280 адам түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемелерге жүгінген.
Күдікті ретінде 66 адам ұсталды, оның ішінде 8-і кәмелетке толмаған. Атап айтқанда, 61 адам сот қаулысымен қамауға алынды, 2 адам үй қамаққа алынды, қалған үшеуіне қатысты іс тергеу сотымен қаралу сатысында.
- Барлық тергеу әрекеттері қорғаушының қатысуымен өтеді және бейнекамераға түсіріледі. Дәлелдемелерді жинақтау қатаң түрде Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес және прокурордың қадағалауымен жүзеге асырылуда, - деп атап өтті Темірбек Оразымбетов.
Сондай-ақ, ол қылмыстық істерге қатысты азаматтарды ұстау, жеткізу немесе тергеу барысында құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері тарапынан адам құқықтарын бұзу мәселелері орын алған жағдайда арыз-шағымдармен Жамбыл облысының жауапты прокуроры Дархан Мұратұлы Сатыбалдиевке келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болатынын айтты: 8 771 889 00 99 ұялы телефонына, 8-7262-45-43-79, 8-7262-45-15-01 жұмыс нөміріне, сондай-ақ Жамбыл облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасына – 8 701 072 70 00, 8 (7262) 45-43-39 нөмірлері бойынша.
- Азаматтарды жалған хабарламалар таратпауға және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамын. Жалған ақпаратты, соның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын естеріңізге салғым келеді, - деп тұрғындарға хабарлама жасады ПД бастығының орынбасары.
Ұқсас жаңалықтар
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Неліктен Атом энергетикасы Қазақстан үшін маңызды?
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді