Дизель отынының литрі – 230, «АИ-95» – 215 теңге

Дизель отынының литрі – 230, «АИ-95» – 215 теңге
ашық дереккөз
Дизель отынының литрі – 230, «АИ-95» – 215 теңге
Облыс басшылығы тарапынан бағаны бақылауда ұстау тиісті басқармалар мен мекемелерге қатаң тапсырылған. Халық үшін бұл аса маңызды мәселе Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің де жіті бақылауында. Әсіресе жанар-жағармай, газ бағасы көтерілсе, азық-түліктен бастап, басқа да тауарлардың бағасы аспандап кетеді. Сондықтан да осы мәселені реттеудің маңызы зор. Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметіне қарағана, биыл 5 қаңтардан бастап, газдың бағасы халықтың қалтасы көтеретіндей арзандапты. Бүгінде облыс аумағында 264 жанар-жағармай құю бекеті болса, соның ішінде 169-ында автогаз құю қондырғылары орналасқан. Биылғы қаңтарда дизель отынының бағасы 230-235 теңгені, «АИ-92» маркалы бензиннің бағасы 182 теңгені, ал сұйытылған мұнай газының бағасы 98-105 теңгені құраған болатын. 5 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің №1 бұйрығына сәйкес, облыс орталығы Тараз қаласымен оған жақын аудандардағы автогаз толтыру бекеттерінде сұйытылған мұнай газының 1 литр бағасы 60 теңге, Сарысу, Қордай, Шу және Мойынқұм аудандарындағы 200 километрден асатын бекеттерде 65 теңгені құраған. Бұдан бөлек, Энергетика министрлігінің 6 қаңтардағы №1 бұйрығымен мемлекеттік реттеуге жататын жанар-жағармай өнімдерінің тізбесі, ал №2 бұйрығымен жанар-жағармайдың шекті бағалары мынадай болып бекітіліпті. Дизель отынының литрі – 230, «АИ-95» маркалы бензин – 215, «АИ-92» маркалы бензин – 182 теңге. Бұл ретте, басқарма тарапынан облыстағы сұйытылған мұнай газын және жанар-жағармайды бөлшек саудада өткізетін мекеме басшыларының қатысуымен бірнеше рет арнайы жиындар ұйымдастырылып, оларға заңнама талаптары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі күні басқарма тарапынан жанар-жағармай құю бекеттеріндегі баға күнделікті бақылауда. Жанар-жағармай құю бекеттерінің басшылары газ және жанар-жағармай бағаларын шекті көлемінен асырған жағдайда, Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті тарапынан тиісті шаралар қолданылатын көрінеді.

Амангелді ӘБІЛ

Ұқсас жаңалықтар