Жаңалықтар
Ипотека алуға көмектесемін деп азаматтарды алдаған алаяқ ұсталды
- author «Ақ жол»
- 24 қаңтар, 2022
- 529
Ипотека алуға көмектесемін деп азаматтарды алдаған алаяқ ұсталды
Нұр-Сұлтанда алаяқтық жасады деген күдікті ұсталды, – деп хабарлайды «Aq jol» ақпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
38 жастағы қала тұрғыны банктердегі таныстық байланыстарына сүйеніп, ипотеканы төмен пайызбен ресімдеуге көмектесуге уәде берген. Күдікті әйел өз қызметтерін таныстары арқылы ұсынатын болған. Алаяқ өткен жылы төрт азаматты алдап соққан. Жәбірленушілер салған бастапқы жарнаның сомасы 600 мың теңгеден жоғары болды. Ал алаяқ әйел өзінің сыйақысын бірден алып отырған, алайда уәдесін орындамаған. Алаяқтық жасады деген күдікті бұл әрекетін мойындаған. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі (Ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ, оның елорда аумағында осындай қылмыс жасауға қатысы бар-жоғы анықталуда.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




