
Елбасының Жарлығымен 30 қыркүйек – Әділет органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып бекітілді. Әділет органдары қызметі саласының басым бағыты – адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының артықшылығын, қазақстандық қоғам мен мемлекеттіліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін ұлттық заңнамалардың жаңа жүйесін қалыптастыру болып табылады. Бірінші күннен бастап әділет органдарының негізгі міндеті – әділеттілікті бекіту болып саналды. Грек тілінен аударғанда «Әділет», «Юстиция» сөзінің мағынасы «әділеттілікті орнықтыру» дегенге сәйкес келеді. Міне, 20 жылдан астам уақыт бойы республикалық әділет органдары ұлттық заңнаманы қалыптастыруда зор үлесін қосуда. Әділет органдары заңды тұлғалар, жылжымайтын мүліктерге құқықтарды, нормативтік-құқықтық актілердің барлық деңгейлерін, мемлекеттік саясатты іске асыру барысында зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, сот-сараптама, сот актілерін орындау және тағы да басқа қызметтерді жүзеге асырады. Облыстық Әділет департаменті еңбек ардагерлерін ешқашан назардан тыс қалдырмайды. Жас мамандар Батима Исақова, Рыскүл Шолпанқұлова, Қалыкүл Жасұзақова, Патима Ермекбаева, Бағдат Қожабекова, Валентина Козлова, Шарипа Қуатбекова, Әсетгүл Әбдиғұлова, Райхан Тәжиева сияқты алдыңғы толқын өкілдерін әрдайым құрмет тұтады. Осылай, ұрпақтар сабақтастығы жалғасып, жұмыс қарқынды жүріп, халықтың көңілінен шығып жатсақ, нұр үстіне нұр емес пе?
Дидар АЙТЖАНОВ, Әділет департаменті нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің бас маманы.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғамдық орынның тәртібін сақтау қажет
- 19 шілде, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді