Жаңалықтар
Қызылордалық ғалымдар күріш қауызынан кремний диоксидін алу технологиясын жасады
- author «Ақ жол»
- 18 қаңтар, 2022
- 1.1k
Қызылордалық ғалымдар күріш қауызынан кремний диоксидін алу технологиясын жасады
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары күріш қауызынан биочар, кремний диоксидін алу технологиясын жасады. Бұрын егін жиналып, дәнді өңдегеннен кейін мыңдаған тонна күріш қауызы пайдаланылмай, өртелетін. Ғалымдардың арқасында күріш қауызы мен сабанынан қағаз, белсендірілген көмір және биочар әзірленуде. Биочар әлемде топырақ қасиетін жақсартып, оның тұздылығын айтарлықтай төмендететін биотыңайтқыш ретінде кеңінен қолданылады.
«Кремний диоксиді шыны, керамика, абразив, бетонды жабдықтар, тіс пастасы, косметика, оптоталшық және т.б. өндірісінде қолданылады. Әдетте кремний диоксидін құмнан алады, біз күріш қауызынан, яғни қалдықтан алу технологиясын жасадық. Күріш қауызын майдалап, кептіріп, микротолқындық сәулелендіру жағдайында тұз қышқылымен өңдейміз. Осылайша бейорганикалық қоспаларды бөліп алу үдерісін жылдамдатып, күріш қауызын муфельді пеште сатылап 300 ºС-дан 800 ºС-ға дейін күйдіруді іске асырамыз. Нәтижесінде тазалығы 100 % кремний диоксиді алынады», – деді Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры Н.О.Аппазов.
Ғалымдар өңірде жетіп артылатын күріш қауызын қолданудың басқа да рационалды жолдарын іздестіруде.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




