Ғасыр тажалы – есірткімен әлем болып күрессе де, оңай алдыратын жау емес. Тіпті, бас бостандығынан шектелген жандарға да сыналай кіріп, есірткі заттарын ұсынғысы келетіндердің тыйылмай тұрғандығы шындық. Облыс бойынша ҚАЖД ЖД-158/2 түзеу мекемесіндегі сотталғандарға келетін сәлем-сауқаттар мұқият қаралады. Олай болмаған жағдайда, құрамында ағзаны улайтын заттары бар анаша, марихуана, героин сияқты есірткі түрлерін білдірмей кіргізгісі келетіндер кездеседі. Мұндай тыйым салынған заттарды мекеменің қоршауынан асырып, сырт жақтан ішке лақтырып жіберетіндер де бар. Жыл басынан бері осындай жолдармен есірткі кіргізуге әрекеттенген бірнеше күдікті қолға түсті. Мәселен, түзеу мекемесінде жедел шаралар жүргізу барысында 0,450 грамм героинді лақтырмақ болған бір азамат ұсталды. Көп ұзамай тағы бір азамат 15,180 грамм марихуананы өткізбекші болғанда қылмыстық ісі әшкереленді. Бір жолы сотталғанға әкелген сәлем-сауқатты тексеру барысында жәй ғана кәмпиттің ішіне салынған 0,355 грамм сары түсті бір бума ұнтақ тәркіленді. Аталған жайттарға байланысты дер кезінде Тараз қалалық ішкі істер басқармасының жедел тобы шақырылып, тәркіленген заттарға криминалистикалық сараптама жасалды. Оның нәтижесі бойынша тәркіленген заттар тиісті орындарға жіберіліп, ұсталған азаматтардың үстінен қылмыстық істер қозғалды.
Бахтияр Әбдірайымов, облыс бойынша ҚАЖД ЖД-158/2 мекемесінің жедел бөлімінің жедел уәкілі, әділет аға лейтенанты.
Ұқсас жаңалықтар
46 млн теңгенің мал ұрлығы ашылды: бақташы күдікке ілінді
- 22 сәуір, 2026
Дала сазының дариясы – Дина
- 21 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




