Бүлік кезінде қанша адам қаза тапты?
Елімізде енгізілген Төтенше жағдай кезінде қайтыс болғандардың жалпы саны белгілі болды.
Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті.
«Адам шығыны болған оқиғаларды тергеп, тексеруге ерекше назар аударылуда. Бүгінгі күні 4578 жәбірленуші анықталды. Оның 4353-і жараланды. Оның ішінде 3393-і құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Төтенше жағдай кезінде моргтерге қаза тапқан 225 адам жеткізілді. Олардың бір бөлігі террактілерге қатысқан, ғимараттар мен құқық қорғау қызметкерлеріне шабуыл жасаған қарулы бандиттер. Қаза болғандардың ішінде 19 полиция және әскер қызметкерлері де бар.
Аталған деректер әлі де нақтыланып жатыр, өзгеруі де мүмкін. Дегенмен әрбір дерек мұқият тексеріледі, нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі», – деді Бас прокуратура өкілі.
«Aq jol»-Aqparat».
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




