Әр бастамасын қолдаймын

Әр бастамасын қолдаймын
ашық дереккөз
Әр бастамасын қолдаймын
Ауыл шаруашылығының асыраушы сала екенін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кешегі мәлімдемесінде ерекше атап өтті. Өз басым саясаттан алыс, бақша салып, диқаншылықты кәсіп еткен адаммын. Президентіміз өз мәлімдемесінде құрғақшылық салдарынан елімізде дәнді-дақылдардың жылдағыдан 4 миллион тоннаға кеміп кеткенін, бұл ең алдымен мал және егін шаруашылығына кері әсер ететінін дәл болжап отыр. Тіпті үстіміздегі жылы да құрғақшылық болуы мүмкін екенін айтуда. Сол үшін Үкіметке шаруаларды тұқыммен қамтуда көмек көрсету туралы тапсырма беруі құптарлық іс. Субсидия мәселесін жуық арада шешуді де тиісті министрлікке тапсырғаны қуантарлық. Бүгінгі таңда азық-түлік бағасын тұрақтандыруға жергілікті диқандардың қосып отырған үлесі зор. Оған біз алдағы уақытта да үлесімізді қосатын боламыз. Көпбалалы ана, шаруа қожалығының төрайымы ретінде айтарым, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының ел тыныштығы жолында жасап жатқан әрбір бастамасын құптаймын, қуаттаймын. Ел болып, тәуелсіз мемлекет болып қалу үшін бірлік, тыныштық керек. Сыртқы жаудан қорғанатын қорғанысымызды мықтап, билікте іскер азаматтарды көбейтсек, ұтарымыз көп болмақ.

Несіпкүл БАЙЖАНОВА, «Байжанова» шаруа қожалығының жетекшісі, көпбалалы ана.

Байзақ ауданы.

Ұқсас жаңалықтар