БЕЙБІТ ӨМІРДІҢ ҚАДІРІН БІЛЕЙІК
Біздің мемлекет халықтың уәжіне қашанда құлақ асады. Оны халық қалаулысы ретінде сезініп те жүрмін. Сессияда елдің атынан білдірген ұсыныстарымыз қолдау тауып, шешіліп жатады. Оның бәрі – ел игілігі ғой. Тіпті, мемлекет тұрғындардың бейбіт шеруге шығуына рұқсат та беріп қойды ғой. Бірақ, ештеңені күйдірмей, өртемей, өз ойыңды ашық айтуға тиіссің.
Ал жақында еліміздің бірнеше ірі қалаларында бүлікшілердің суық қарумен оқ атып, ірі ғимараттарды өртеп, кейбір азаматтардың бауыздап кеткенін немен түсіндіруге болады? Президент жедел шешім қабылдап, қатердің асқынуына жол бермеді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та күні-түні елдің ішінде болып, жағдайдың реттелуімен күресті. Ол үшін Бердібек Машбекұлына, облыстың құқық қорғау саласының өкілдеріне тек қана алғыс айтуға болады.
Бұл жағдай барша тұрғынға сабақ болды деген ойдамын. Әсіресе жастар, менің замандастарым өз Отанынан басқа қамқоршысы жоқ екенін түсінген болар.
Мен әр тұрғынның, әсіресе жастардың бейбітшіліктің қадірін білгенін қалаймын.
Уәлихан Болатбек, облыстық мәслихаттың депутаты.
Ұқсас жаңалықтар
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Неліктен Атом энергетикасы Қазақстан үшін маңызды?
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді