2022 жыл: атаулы күндер мен мерейтойлар

2022 жыл: атаулы күндер мен мерейтойлар
ашық дереккөз
2022 жыл: атаулы күндер мен мерейтойлар
  1. Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, ұлтымыздың біртуар перзенті Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына – 110 жыл (12.01.1912 - 22.08.1993 ж.);
  2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Елтаңба, Ту және Гимнінің қабылданғанына – 30 жыл (4 маусым, 1992 ж.);
  3. «Алаш қозғалысына» – 105 жыл (1917 ж. 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында өткен Екінші жалпықазақ съезінде Ұлттық кеңес құрылған);
  4. 1937 жылғы Саяси репрессиясының басталғанына – 85 жыл (31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні);
  5. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының болашағын айқындаған ұзақ мерзімді «Қазақстан-2030» Стратегиясының қабылданғанына – 25 жыл (1997 ж.);
  6. Алматы қаласында өткен қазақтардың І-ші құрылтайына – 30 жыл (28 қыркүйек, 1992 ж.);
  7. Қазақстанның Бас прокуратурасының құрылғанына – 120 жыл (13.07.1902 ж.);
  8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанына – 30 жыл (1992 ж.);
  9. Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің құрылғанына – 30 жыл (13.07.1992 ж.);
  10. Қазақстан РеспубликасыныңПолициясына – 30 жыл (23 маусым, 1992 ж.);
  11. Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының құрылғанына – 75 жыл (1947 ж.); Академияның тұңғыш президенті академик Қ.Сәтбаев (одан кейінгі жылдары Д.А.Қонаев, Ш.Шокин, Ш.Есенов, А.Қонаев, М.Айтқожин, Ө.Сұлтанғазин, К.Сағадиев, В.Школьник, Н.Айтхожина, С.Дәукеев, М.Жұрынов).

Ұқсас жаңалықтар