«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Геннадий Головкин «Үздік боксшы» номинациясына ұсынылды

Геннадий Головкин «Үздік боксшы» номинациясына ұсынылды
ашық дереккөз
Геннадий Головкин «Үздік боксшы» номинациясына ұсынылды
ESPN телеарнасы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (41-1-1, 36 КО) «Үздік боксшы» номинациясына ұсынды, деп хабарлайды sports.kz сайты. Телеарнаның Twitter парақшасында жарияланған дауыс беруге арналған орта салмақтағы әлем чемпиондарының тізіміне Геннадий Головкиннен бөлек Джермалл Чарло (32-0, 22 КО), Деметриус Андраде (31-0, 19 КО), Риота Мурата (16-2, 13 КО), сондай-ақ, кіші Крис Юбэнк (31-2, 23 КО) мен Хайме Мунгия (38-0, 30 КО) енген. Көптеген жанкүйерлер комментарийде Головкинді қолдап, пікір қалдырып жатыр. Дегенмен, 39 жастағы қазақстандық боксшының өткен жылы бір де бір жекпе-жек өткізбегенін еске саламыз. Соңғы рет Геннадий Головкин рингке 2020 жылдың желтоқсанында шыққан. Ол польшалық боксшы Камил Шереметаны (21-2-1, 5 КО) жетінші раундта қапы қалдырып, айқын басымдықпен жеңіске жеткен болатын.

Ұқсас жаңалықтар