Коронавирустың жаңа штамы «Ню» деп аталуы мүмкін
Оңтүстік Африка Респуликасында B. коронавирустың 1.1.529 атауы бар жаңа мутациясы анықталған.
Дүниежүзілік денсаулық ұйымының сарапшылары жағдайды бағалау үшін Оңтүстік Африка республикасында осы елдің шенеуніктерімен кездеседі. Вирустың жаңа нұсқасына грек алфавитінің бір әрпімен («дельта» нұсқа сияқты) атау берілуі мүмкін.
Жаңа штамм «Ню» деп аталуы жоққа шығарылмайды. Бейсенбі кешінде Ұлыбритания билігі Африканың бірнеше мемлекетінен (ОАР, Нимибия, Зимбабве, Боствана, Лесото және Эсватини) келушілер үшін міндетті карантин енгізді. Бұл мемлекеттерден Британияға әуе рейстеріне уақытша тыйым салынған.
«Бұл нұсқа бұрынғыларға қарағанда әлдеқайда жұқпалы және вакциналардың оған әсері тиімсіз болуы әбден мүмкін», деп баяндады агенттікке берген сұхбатында оңтүстік африкалық эпидемиолог, профессор Салим Карим.
Әзірге Оңтүстік Африка Респуликасында, Гонконг және Боставанада жаңа нұсқаны жұқтырудың 59 оқиғасы расталды. Ол алғаш рет Претория ауданындағы бірнеше студенттен анықталған.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




