Спорттағы жетістіктер жас өрендерге жігер береді
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Тараз» кәсіпқой волейбол клубының ұжымын қабылдады. Кездесу барысында аймақ басшысы «Тараз» кәсіпқой волейбол клубы үшін биылғы жылдың табысты болғанын атап өтті. Жақында аталған клуб ойыншылары ел Кубогын жеңіп алды. Облыс әкімі ұжымды осы жеңісімен де құттықтап өтті.
– Спортта жеткен жетістіктер жас өрендерге үлкен өнеге, үлгі болары сөзсіз. Жалпы, жігіттердің дүбірлі додаларда лайықты өнер көрсетуіне бізде барлық жағдай бар. Біз сіздерге бұдан былай да қолдау көрсетеміз. Тек өздеріңізден тамаша ойын үлгісін күтеміз, – деді Бердібек Машбекұлы.
Команданың бас бапкері Борис Гребенников алдағы уақытта ел чемпионы болуы үшін барын салатынын жеткізді. Ал «Тараз» кәсіпқой волейбол клубының әрі ұлттық құраманың ойыншысы Александр Фоменко арнайы қабылдап, құрмет көрсеткені үшін аймақ басшысына әріптестері атынан алғысын білдіріп, өңір мәртебесін биіктететін сайыстарда аянып қалмайтындарын айтты.
Кездесу соңында команданың бас бапкері облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа жуырда жеңіп алған Қазақстан кубогын, жейде және спортшылардың қолы қойылған допты тарту етті.
«Aq jol»-Aqparat».
Ұқсас жаңалықтар
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Неліктен Атом энергетикасы Қазақстан үшін маңызды?
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді