Жапонияда 400 мыңға жуық адамға «Фанфон» дауылына байланысты көшуге кеңес берілді
- author «Ақ жол»
- 6 қазан, 2014
- 764
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Жапонияның орталық бөлігінен шамамен 400 мыңға жуық адам «Фанфон» дауылына байланысты көшу керек деген ұсыныс алды. 620-дан астам әуе рейсі кері қайтарылды, елдегі Токио мен Нагоя қалаларының арасында «Синкансэн» темір жолының бойында, сонымен бірге, басқа да желілер бойынша қозғалыс тоқтатылды.
Жапонияда «Фанфон» дауылына байланысты 150-ге жуық ішкі әуе рейстері тоқтатылды. Жексенбі күні Окинава аралында ірі толқындар теңізге үш америкалық әскери қызметкерді алып кетті. Олар сол кезде сурет түсірмек болған. Олардың біреуінің мәйіті табылды. Қалған екеуі із-түзсіз жоғалған деп саналады.
Аудармасында «аң» деген мағынаны білдіретін «Фанфон» дауылы Жапонияның негізгі аумағы бойынша Хамамацу қаласының маңында елдің Хонсю деп аталатын басты аралының жағалауында болған. Қазір ол солтүстікке қарай жылжып барады. Желдің екпіні секундына шамамен 40 метрге дейін жетеді.
Жағалаудағы толқындардың биіктігі 11 метрден асады. Жапонияның орталық бөлігін, оның ішінде Токио маңын жауын басты. Биліктегілер су басып, сең жүру қаупі бар екенін айтып, ескертуде.
Ақпарат көзі kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




