БҰҰ-ның өкілі Эбола безгегінен қаза тапты
БҰҰ-ның Либериядағы миссиясының қызметкері Эбола безгегінен қаза тапты.
Бұл туралы халықаралық қауымдастықтың бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик мәлімдеді. Сонымен қатар атышулы індеттің АҚШ-қа да ауыз салуы басты нарықтық индекстердің күрт құлдырауына әкеліп соқты. Суыт хабардан кейін қаржы нарығындағы акциялар мен мұнай бағасы төмендеді. Мұнайды сатып алуға арналған келісім-шарттардың құны әр баррель үшін 91 АҚШ долларына жуықтаған. Бұл 2013 жылдың сәуірінен бергі ең төменгі баға болып саналады. Ал БҰҰ-ның өкілдері қатерлі індеттің таралуын 2 айдың ішінде шектейміз деп отыр.
Энтони Бэнбери, БҰҰ-ның Эбола безгегінің таралуына қарсы шұғыл әрекет ету арнайы миссиясының басшысы: - Эбола безгегінің таралуын шектеп, жағдайды өз бақылауымызға алу үшін бізге 60 күннің ішінде вирусты жұқтырғандардың 70 пайызын емдеп, жазу керек. Сонымен бірге безгектен қаза тапқандардың 70 пайызын қауіпсіз жағдайда жерлеу қажет.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




