Мобилография шеберлері анықталды
2000 жылдан астам тарихы бар Тараз қаласының бүгінгі кескін-келбетін фото-видео өнері арқылы барынша насихаттап, жаңарып, жасарған шаһарды көпшілік арасында жаңа бейнеде көрсету мақсатында Тараз қаласы әкімдігі «Түрленген Тараз» тақырыбында республикалық фото-видео, мобилография шеберлерінің байқауын ұйымдастырды. Кеше «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде байқаудың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталды.
Байқауға барлығы 46 адам қатысып, бақ сынаған. Комиссия мүшелерінің шешімімен 15 қатысушы жеңімпаз деп танылды. Жеңімпаздар бірнеше бағыт бойынша номинациялармен марапатталды. Марапатталушылар қатарында «Aulieata-Media» ЖШС-на қарасты облыстық «Знамя труда» газетінің фототілшісі Ким Юрий («Үздік фотограф» бағыты), облыстық «Jambylinfo» сайтының операторы Бауыржан Самаликов («Үздік дрон түсіруші» бағыты) бар. Байқаудың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан бірқатар азамат қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Олардың арасында әріптесіміз, облыстық «Ар-Ай» газетінің фототілшісі Алтынбек Қартабай да бар.
«Aq jol»-Aqparat».
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




