«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Барак Обама: АҚШ ұйықтап жатқан жоқ

Барак Обама: АҚШ ұйықтап жатқан жоқ
ашық дереккөз
Барак Обама: АҚШ ұйықтап жатқан жоқ
Бүгінде әлемдегі ірі геномика орталығы ретінде Қытайдың атын атаймыз. Бірақ бұл АҚШ ұйықтап жатыр деген сөз емес. АҚШта инвестицияның жоқтығын білдірмейді. Иллинойс штатындағы Northwestern университетінде оқыған дәрісі кезінде АҚШ Президенті Барак Обама мәлімдеді. Барак Обама аталған оқу орнының студенттері алдында АҚШ экономикасының қазіргі жай-күйіне арналған баяндамасын ұсынған. Ақ үй қожайыны: «Біз алдағы ғасырларда өнім мен компанияларымыз жөнінен өзге елдерге есе жібермеуге тиіспіз. Бұл ретте Google мен GPS-ті сыйлаған іргелі зерттеулерге мол қаражат бағыттай білгеніміз жөн», – деп атап өтті. Барак Обама бұған бастайтын тағы бір жол – төменгі жалақы мөлшерін көтеру екенін айтты. Жұмысшылардың қалтасын қомақты қаражатқа толтыру арқылы жергілікті кәсіпорындардың өрісін кеңейтіп және оған тартылатын жұмыс күшін арттыруға болады деп есептейді. Держава басшысының айтуынша, бүгінде АҚШ кәсіпорындардағы жаңа жұмыс орындары 700 мыңға жетті. Барак Обама: «Бұл экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда 2 есе қарқынмен өсіп келе жатыр», - деп айтты.

Ұқсас жаңалықтар