68 жасында алтын медаль иеленді
Таластық марафоншы Жақсылық Мамырбекұлын білмейтіндер некен-саяқ. Ол зейнет жасына жеткеніне қарамастан, жеңіл атлетиканы жанына серік етіп, жүгіруден алдына жан салмай жүр. Осы кезге дейін де талай республикалық, халықаралық жарыста жеңімпаз және жүлдегер атанған. Жақында Тараз қаласында өткізілген облыстық ашық марафонда да желаяқ 65 жастан асқан спортшылар арасында 21 шақырымға жүгіріп, қола жүлде еншілеген болатын.
Ал жақында Түркістан қаласында өткен халықаралық марафоншылар жарысында Жақсылық Мамырбекұлы тағы да ерледі. Ол 65 жастан асқан спортшылар арасында 42 шақырым қашықтықты 4 сағат 55 минутта бағындырып, алтыннан алқа тағынды. 68 жасында жеңіл атлетикадан чемпион атанып жүрген ардагер спортшының ісі – жастарға, баршаға үлгі.
–Бұл жеңісімді Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнаймын. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 30 шақырым жүгіріп өтсем деген ойым бар. Осыған демеуші табылып жатса, жақсы болар еді. Осы жаста спортты серік етуім – жастарға үлгі болу, қай жаста да спорттың кеш болмайтынын дәлелдеу, – дейді ардагер спортшы.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




