Қазақ күресі оң жамбасымызға келеді
Еншімізде – 4 алтын, 4 күміс, 3 қола
Семей қаласында қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпиондары анықталды. Республика біріншілігіне облыс құрамасы сақадай - сай дайындықпен барғанын айта кеткен жөн. Байрақты бәсекеде 82 келі салмақтағы Жұмадулла Оңалбай және 100 келіде белдескен Айбол Айтбек чемпион атанып, алтын медальді жеңіп алды. 60 келіде кілемге шыққан Бекжан Төлегенов пен 66 келі салмақта Нұрболат Мырзанов қарсыластарына финалда ғана есе жіберіп, күміске қол жеткізді. Сондай-ақ 90 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Нұрлан Қырғызбек жарысты қола жүлдемен аяқтады. Семей жерінде өткен әйелдер арасындағы жарыста да біздің жерлестеріміз шын мықты екендерін көрсетті. Жеңіске деген құштарлығымен, шеберліктерінің қарсыластарынан бір бас жоғары болуымен қуантты. Атап айтқанда, Рауза Нұрмағамбетова (56 келі) және Аяулым Балапанова (70 келі) жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріліп, чемпион атанды. Ал Гаухар Дүкенбай (65 келі) және Елизат Аязбек (77 келі) екінші орынды иеленіп, қуантты. Сонымен қатар Рамилия Салимьянова (56 келіде) және Мөлдір Сағынбаева (67 келіде) қола жүлдегер атанды. Жалпы жарыс қорытындысы бойынша облыс құрамасы командалық есепте топ жарды. Осылайша, жамбылдық спортшылар қазақ күресі өздерінің оң жамбасына келетіндерін тағы бір мәрте дәлелдеді.Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Неліктен Атом энергетикасы Қазақстан үшін маңызды?
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді