Жаңалықтар
Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу екі бағыт бойынша жүзеге асырылады
- author «Ақ жол»
- 15 қараша, 2021
- 585
Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу екі бағыт бойынша жүзеге асырылады
Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу екі бағыт бойынша жүзеге асырылады, ол үшін төмендегідей құжаттар тізбесі қажет:
Көрсетілетін қызметті онлайн режимінде қалай алуға болады?
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ арқылы қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-пароль көмегімен (мобильді азаматтар базасында тіркеудің болуы міндетті) алу. Тұрғын үй иесінің ЭЦҚ-мен расталған келісімін алу қажет. (егер өтініш беруші тұрғын үйдің иесі болмаса).Тұрғын үйдің ортақ иелерінен ЭЦҚ-мен расталған келісімін алу қажет (егер өтініш беруші тұрғын үйдің жалғыз иесі болмаса).
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
- Жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін тұрғын үй иесiнiң (тұрғын үй иесінің өзінің қатысуы міндетті) жеке басын куәландыратын құжаты және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес тұрақты не уақытша тiркеуге оның жазбаша түрде келiсiмi.
- Жеке басты сәйкестендіру үшін - жеке басты куәландыратын құжат (16 жасқа дейiнгi балалар - туу туралы куәлiк және Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (болған кезде).
- Азаматтылыққа тиесілігін міндетті түрде көрсете отырып, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесі (немесе Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті) берген бұрын тұрған елден есептен шыққаны туралы анықтама;
- Шет мемлекеттің құзыретті органдары тиісті түрде берген және куәландырған бұрынғы тұрғылықты жерінен тіркеу есебінен шыққаны туралы құжат;
- Бұрынғы тұрған елдің құзырлы органы берген азаматтығын алмағаны және тіркелмегені туралы анықтама.
Еркін Жапаров,
халыққа қызмет көрсету бойынша
Тараз қалалық №2 бөлімнің басшысы
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




