Жаңалықтар
Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған республикалық турнир басталды
- author «Ақ жол»
- 12 қараша, 2021
- 718
Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған республикалық турнир басталды
Олимпиада және Әлем чемпионы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған грек-рим күресінен 2005-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында ашық республикалық турнир басталды.
Жарыс Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында 12-14 қараша күндері өтеді.
Турнирге еліміздің және алыс-жақын шет мемлекеттердің құрама командалары қатысуда.
Қатысушылар: 45 кг, 48 кг, 51 кг, 55 кг, 60 кг, 65 кг, 71 кг, 80 кг, 92 кг және 110 кг салмақ дәрежелерінде сынға түседі.
Жарыста I, II, III орын алған спортшылар арнайы медаль, дипломмен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
1-орын - 300 000 теңге
2-орын - 200 000 теңге
3-орын - 100 000 теңге
Әр салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаз спортшының жаттықтырушысына - 100 000 теңге беріледі.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




