Жаңалықтар
«Абай» шахтасында қаза болғандар мен зардап шеккендердің есімдері белгілі болды
- author «Ақ жол»
- 7 қараша, 2021
- 287
«Абай» шахтасында қаза болғандар мен зардап шеккендердің есімдері белгілі болды
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек «Абай» шахтасында кеңес өткізді. Жағдай туралы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің директоры Андрей Черномаз және басқа да жауапты тұлғалар баяндады.
Жедел штаб құрылды, оған компания мен мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Облыс және компания басшылығы қаза тапқан кеншілердің отбасыларына барады.
Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша ТЖ министрі Юрий Ильиннің басшылығымен ТЖ мән-жайы мен себептерін анықтайтын мемлекеттік комиссия құрылды.
Жетінші қараша күні сағат 08:24-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Абай» шахтасында кенет көмір мен газ лақтырылды. Апат кезінде шахтада 64 адам жұмыс істеді, оның сегізі кенжарда болды. Апат салдарынан екі адам зардап шегіп, алты кенші қаза тапты.
ТЖД жедел штабы құрылды, телефон (8-7212) 51-11-10, жедел желі - (8-7212) 51-72-23. «Абай» шахтасында қаза тапқан қызметкерлердің тізімі: Шмидт Виталий Владиславович, 1979 ж.т.;
Скитченко Николай Николаевич 02.08.1968 ж. т.;
Абдуллин Наиль Рамильевич, 1990 ж.т.;
Супрунов Алексей Алексеевич, 1987 ж. т.;
Краус Сергей Юрьевич, 1983 ж. т.;
Корниенко Сергей Анатольевич, 1971 ж.т.
«Абай» шахтасында зардап шеккен қызметкерлер:
Маралбаев Жеңіс Мерекеұлы, 1963 ж.т.;
Зейналов Элайдын Авез-оглы, 1960 ж.т.
Ұқсас жаңалықтар
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Неліктен Атом энергетикасы Қазақстан үшін маңызды?
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді