Жаңалықтар
Пандемия кезінде электронды қызметтер көрсетудің сапасы артты
- author «Ақ жол»
- 20 қазан, 2021
- 785
Пандемия кезінде электронды қызметтер көрсетудің сапасы артты
Елімізде пандемия басталып барлық мекемелер карантинге жабылған уақытта, электронды қызметтер көрсету сапасы артты. Яғни, бұрындары азаматтар әр мекеме табалдырығын тоздырып, мекеме басшысына кіру үшін сағаттап күтіп отыру керек болса, қәзір бәрі өзгерді. Президент Қ.К. Тоқаевтың тікелей тапсырмасына сәйкес барлық мемлекеттік мекеме басшылары ашық болып, әлеуметтік желілерде белсенді болуларын тапсырды. Соның арқасында қәзір тікелей өзекті қойған мәселелер, бірінші басшылардың қатысуымен шешілу жолдары қарастырылып жатыр.
Пандемия кезіндегі өзгерістердің бірі ол электрондық сандық қолтаңбаны қашықтықтан алу болды. Бұрынғыдай халыққа қызмет көрстеу орталықтарына бармай, сіздерге ыңғайлы болу үшін біз egov.kz арқылы онлайн-ЭСҚ-ны қалай алуға болатынын анық көрсететін бейнероликтер және нұсқаулықтар жасалды. ЭСҚ алу үшін сіздің телефон нөміріңіз мобильді азаматтар базасында тіркеліп, NCAlayer қосымшасы орнатылуы керек. Егер сізде сұрақтар туындаса 1414 байланыс орталығына хабарласып білуге болады.
Соның арқасында орталыққа келетін қызмет алушылар саны азайды, үйден немесе жұмыстан отырып электрондық сандық қолтаңба алатын болды. Ендігі кезек сол электрондық сандық қолтаңбаға деген тәуелділікті жойып, барлық мемлекеттік қызметтерді бір реттік смс арқылы алатын жолдары қарастырылуда. Қәзірдің өзінде жүзден аса мемлекеттік қызмет бір реттік смс арқылы алуға болатынын қосымша айта кеткіміз келеді.
Халыққа қызмет көрсету бойынша
Тараз қалалық №2 бөлім басшысы
Е.С. Жапаров

Е.С. ЖапаровҰқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді