Жаңалықтар
Президент ҒЗИ қызметкерлеріне арналған жаңа тұрғын үйлерді аралап көрді
- author «Ақ жол»
- 4 қазан, 2021
- 809
Президент ҒЗИ қызметкерлеріне арналған жаңа тұрғын үйлерді аралап көрді
Мемлекет басшысы Гвардейский кентіндегі Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлеріне арнап салынған тұрғын үйлер құрылысының барысымен танысты.
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев отандық және шетелдік ғылыми мамандарға арналған 180 пәтерлік үш тұрғын үй құрылысының аяқталғаны туралы баяндады.
Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаевқа жиһаздармен толық жабдықталған жаңа пәтерлер көрсетілді. Үйлерді салуға республикалық бюджеттен 2,3 миллиард теңге бөлінген. Бірінші үйдің құрылысы биыл мамыр айында аяқталды. Көпқабатты үйлердің құрылысы толық бітіп, барлық инженерлік желілер тартылған.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




