Білім негізі – бастауышта
Дарынды оқушылармен жұмыс та айрықша маңызға ие Жауапты да жігерлі, өресі биік жеткіншекті тәрбиелеуге педагогикалық іс-әрекетті ғылыми тұрғыда үйлестіре алған мұғалім ғана қол жеткізе алады. Ол үшін оқу үрдісінің мәні мен заңдылықтарын, жаңа оқу технологиясын жетік білу және дұрыс қолдану қажет. Бұл міндетке дарынды балалардың бойындағы ерекше қасиетті танып, бағалап, өмірден өз орындарын табуға көмектесу де кіреді. Менің де өз сыныбымдағы оқушыларды оқыта отырып, олардың өзіндік жұмыс істей алу қабілеттерін дамытуды зерделей зерттеп жүрген жайым бар. Бұл оқушыға кез-келген математикалық, тілдік, сөздік тапсырмаларды өз бетінше орындауды, өз ойын жеткізе білуді, оны дәлелдей алуды, өздігінше тапсырмалар, сұрақтар түзе білуді үйретеді.
Жеке адамның қалыптасу, даму заңдылығын білу мұғалімнің алдына нысаналы педагогикалық мақсаттар қоюына септеспек. Зерттеу барысында дарынды баланың өзге оқушылардан ерекшеліктерін бірден байқауға болады. Бұл орайда олардың өзгеше әрі шапшаң ойлайтын интеллектуалдық, ішкі сезімі, физикалық, әлеуеттік тұрғыдағы ерекшеліктеріне баса назар аудару қажет. Дарынды оқушы аталған төрт топтың бірінде өте жоғары нәтиже көрсетуі әбден мүмкін. Осы қасиеттер жақсы тағылыммен ұштасып жатса, жылдар өте келе бұл баладан үлкен тұлға шығуы ғажап емес. Осы орайда, қабілеттерін шыңдап, арттыра түсу мақсатында сыныптағы дарынды оқушылар туралы мәлімет жинап, қай пәннен үлкен нәтиже көрсететінін анықтау, оларға түрлі зерттеулер жүргізіп, соның нәтижесінде мінездеме жазу, нақты жұмыс жоспарын жасау қажет.
Дарынды оқушыларды тәрбиелеудің тағы бір түрі – сыныптан тыс жұмыстар. Бұл жұмыстар (түрлі танымдық іс-шаралар, кездесулер) барысында ақын-жазушылардың өмірі және шығармашылығы жіті таныстырылып, ашық тәрбие сағаттары да өткізіледі. Осылайша, кез-келген баламен жұмыс жасау барысында үлкен нәтижелерге жетуге болады. Бұл жолда біздің де қол жеткізген табыстарымыз аз емес.
Биыл Астана, Алматы қалаларында өткен республикалық байқауларда біздің 3 «ә» сыныбының оқушылары Лаура Рахим мен Айжан Қуаныш жүлделі екінші орындардан көрінсе, Атабек Құралбек шахматтан республикалық турнирде ұлдар арасында қатарынан екінші жыл қатысып, тиісінше ІІ-ІІІ орындар жүлдесін иеленді. Аделя Сұлтанова, Иманғали Қуаныш, Атабек Құралбек, Нұрдәулет Нуриевтер – қала көлемінде ұйымдастырылатын түрлі іс-шаралардың белсенді қатысушылары. Он саусағынан өнер тамған балғын суретші Жанат Сафураның ізденісі де нәтижесіз емес. Республикалық көрмеде оның еңбектері жоғары бағаланды.
Астана қаласында 2014 жылдың 16-17 мамыр күндері ҚР кіші ғылым академиясының «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша өткен ХІV Республикалық ауызша командалық олимпиадада Аружан Абибулла, Аяна Сағынбекқызы, Аружан Иген қазақ тілі, әдебиет, дүниетану пәндері бойынша білімдері тереңдігін көрсетіп, бас жүлделерді жеңіп алды. Сыныпта мектепішілік қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын үздік оқушылар қатарында Фатима Нұржау, Аружан Манатқан, Аружан Нұрланқызы, Дінмұхаммед Қилыбаев, Дана Базарбаева, тағы басқалары бар. Дарынды балалармен жұмыс жасау барысында үлкен нәтижелерге жетуге болатынының бұл да нақты айғағындай.
Гүлнар БАЙБОЛОВА, Төле би атындағы №8 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі.
Тараз қаласы.Ұқсас жаңалықтар
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
«Сапалы білім – саналы ұрпақ кепілі» атты кездесу өтті
- 24 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді