Жаңалықтар
Боз кілемде 200-ден астам жас палуандар өзара мықтыны анықтады
- author «Ақ жол»
- 30 қыркүйек, 2021
- 639
Боз кілемде 200-ден астам жас палуандар өзара мықтыны анықтады
Жуалы ауданында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қазақ күресінен «Жас Барыс» республикалық турнирінің аудандық іріктеу кезеңі өтті.
Жарыс, №14 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спорт кешенінде әр түрлі салмақ және үш жас айырмашылығы бойынша өтті: жас жасөспірімдер 2006-2007, жасөспірімдер 2004-2005 және жастар 2002-2003 жж.
Боз кілем бәсекесінде 200-ден астам жас палуандар өзара мықтыны анықтап, тартысты күрес көрсете білді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдар және дипломдармен марапатталды.
Енді өз салмақтарында жеңімпаз атанған спортшылар Жуалы ауданының атынан Тараз қаласында өтетін облыстық іріктеу турнирінде өнер көрсетеді.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




