Ұстазыңды ұмытпа
Өмір көшін бастайтұғын даналар,
Ұстаздардың ілімімен нәр алар.
Бар жақсылық, игі мақсат іргесі,
Ұстаз берген білімменен қаланар. Дүние дейтін сан соқпақты дүрмекте,
Ұмтылған жөн бәрін оқып білмекке.
Бар саланы бір саладай білетін,
Ұстаз әркез лайық білсең құрметке!
Жүрегіңді ізгілікпен жылыт та,
Бар әлемді бір әлемдей ұлықта.
Болашаққа саған жолды ашатын,
Ұстазыңды ей, жас ұлан ұмытпа!
Бақыт Еркімбаева, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.
Ұқсас жаңалықтар
Наурыз айында 184 мың талапкер ҰБТ тапсыруға ниетті
- 27 ақпан, 2026
100 үздік колледж студенті анықталады
- 24 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




