100 кітап тарту етілді
Бүгінгі таңда Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты түзеу мекемелеріндегі кітапханалардағы кітап қоры - 23 мыңнан данадан асады. Оның ішінде сүбелі шығармалар да мол.
Жуырда департаменттің сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы тобының аға инспекторы әділет майоры Айгүл Танашева облыс орталығында орналасқан Ш.Уәлиханов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың басшылығына хат жазып, түзеу мекемелеріндегі кітапхана қорын құнды кітаптармен толықтыруды сұраған. Өз кезегінде кітапхана басшылығы бұл өтінішті құп көріп, әртүрлі жанрдағы 100 кітапты сыйға тартыпты.
- Кітапхана қорын кітаппен толықтыру, жаңалау өңірлік ҚАЖ департаментінің үнемі назарында. Кітап сыйлаған кітапхана басшылығына алғысымызды білдіреміз. Мекемелерде сотталған азаматтарға арналған кітапхана жұмыс жасайды. Жазалы жандардың түзу жолға түсуіне – кітап өз септігін тигізетіне сенім мол, - дейді облыстық ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Қанат Жарылғапов.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




