Бірлескен істің берекесі мол болмақ
Облыс әкімі Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшімен кездесті.
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рәпіл Жошыбаевпен кездесіп, суармалы су мәселесін талқылады. Кездесу барысында аймақ басшысы Жамбыл өңірінің көрші елмен қарым- қатынасының оң жолға қойылғанын, дегенмен кейінгі жылдары пандемия салдарынан бірқатар қиындықтарға тап келгенін жасырмады. Алдағы уақытта өзара ынтымақтастық аясында мәдени байланыс, сауда-саттықты күшейте түсіп, бірлескен спорттық шаралар, жәрмеңкелер, көрмелер өткізу бойынша жұмыстарды жандандыру жайы назарға алынды.
Сонымен қатар «Қарасу» бақылау-өткізу пунктінің жанында «Қордай» шекарамаңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының жобасын жүзеге асырудың маңыздылығы айтылды. Басқа да бақылау-өткізу бекеттерін модернизациялаудан өткізу жайы сөз болды.
Өз кезегінде Рәпіл Жошыбаев алдағы жоспарларымен бөлісіп, бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендігін жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Неліктен Атом энергетикасы Қазақстан үшін маңызды?
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді