Күзетшінің міндеті біреу, жауапкершілігі көп
Бүгін Дулати университетінде күзет қызметінің қызметкерлеріне арналған «Қылмыстық іс-әрекеттердің алдын алу жолдары» бойынша түсіндіру жұмыстары өтті.
Қауіпсіздік шараларын күшейту және күзет қызметінің міндеттерін арттыру мақсатында өткен жинынға Дулати университеті күзет қызметінің басшысы Өнербек Ноғаев, Тараз қаласы Полиция басқармасы 1-Полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Р.Маханов, Тараз Полиция басқармасы 1-Полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, полиция майоры А.Байділдаев және учаскелік полиция инспекторы М.Аханов қатысты.
Жиналыс барысында құзырлы органдар Терроризм актісінің қаупі туындаған немесе терроризм актісі жасалған жағдайдағы әрекеттер туралы жаднамамен таныстырып, жарылғыш құрылғылардың белгілеріне, ғимаратта терроризм актісі орын алған жағдайда күзетшінің іс-әрекетіне және адамдарды қауіпсіз жерге эвакуацияландыру жолдарына нақты тоқталды.
Алдағы уақытта университетіміздің күзет қызметкерлеріне қауіпсіздік шараларына байланысты оқу-жаттығу жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады.

Жиналыс барысында құзырлы органдар Терроризм актісінің қаупі туындаған немесе терроризм актісі жасалған жағдайдағы әрекеттер туралы жаднамамен таныстырып, жарылғыш құрылғылардың белгілеріне, ғимаратта терроризм актісі орын алған жағдайда күзетшінің іс-әрекетіне және адамдарды қауіпсіз жерге эвакуацияландыру жолдарына нақты тоқталды.
Алдағы уақытта университетіміздің күзет қызметкерлеріне қауіпсіздік шараларына байланысты оқу-жаттығу жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады.Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




