«Жырға іңкәр жүрек»
Қазақсан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі, жергілікті ақын Айша Көпжасарованың мерейлі 80 жасқа толуына орай, Абай атындағы орталық кітапханада «Жырға іңкәр жүрек» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.
Ақынның «Қазақ қыздары», «Күз», «Таразым», «Тәуелсіз Отаным» атты өлеңдері оқылды. Кеш қонақтары Халықаралық «Шабыт» фестивалінің жүлдегері, Қазақстан Жазушылар одағы Жамбыл облыстық филиалының директоры, «Егемен Қазақстан» газетінің облысымыздағы меншікті тілшісі Хамит Есаман, ақын Үміт Битенова, журналист Есет Досалы қаламгер Айша Көпжасарованың сиқырлы сырымен көпшілік көңілін бірден баурап алатын төкпе жырлары туралы ой бөлісіп, ақынға шығармашылық табыс тіледі.
Өз кезегінде сөз алған кеш иесі Айша Көпжасарова өзінің отбасы, шығармашылық жолы туралы айта отырып, оқырмандар сұрағына жауап берді.
Ұқсас жаңалықтар
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Неліктен Атом энергетикасы Қазақстан үшін маңызды?
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді