Жаңалықтар
Қазақстанның Тұңғыш Президенті өңір басшысының жұмысына оң баға берді
- author «Ақ жол»
- 14 қыркүйек, 2021
- 532
Қазақстанның Тұңғыш Президенті өңір басшысының жұмысына оң баға берді
Қазақстанның Тұңғыш Президенті алдымен облыс әкімі Б.Сапарбаевпен кездесті. Кездесуде Елбасыға әскери қоймадағы жарылыстан зардап шеккен Байзақ ауданы тұрғындарына көмек көрсету шаралары және қалпына келтіру жұмыстары туралы мәлімет берілді.
Облыс әкімі Елбасыға өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жайлы, сондай-ақ аграрлық сектордағы мәселелерді шешуге және халықты жұмыспен қамтуға бағытталған шаралар туралы баяндады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті өңір басшылығының жұмысына оң баға берді.
Кездесуден кейін Елбасы «Әлжан ана» тарихи музейінің қызметімен танысып, мекеме аумағына ағаш отырғызу рәсіміне қатысты. Қазақстанның Тұңғыш Президенті сондай-ақ ауылдағы Мәдениет үйіне барды. Бұл Мәдениет үйінде кітапхана және түрлі үйірмелер жұмыс істейді, 250 орындық концерт залы бар. Н.Назарбаев облыстық филармониясының артистері мен аудандық Мәдениет үйінің шәкірттері орындаған музыкалық шығармаларды тыңдады.
Сонымен қатар Қазақстанның Тұңғыш Президенті спорттық-сауықтыру кешенінің жұмыс барысымен танысты. Аталған кешенде ауқымды арена, әмбебап зал және күрес пен боксқа арналған зал бар. Бүгінде спорттық-сауықтыру кешенінде төрт жүзден астам бала мен жеткіншек спорттың еркін күрес, тхэквондо, каратэ, волейбол, футбол, бокс сынды алты түрі бойынша жаттығады.
Дереккөз: elbasy.kz

Дереккөз: elbasy.kzҰқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді