Президент Жолдауын тыңдады
Облыс бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/4 мекемесіндегі жазасын өтеуші азаматтар ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа арнаған кезекті Жолдауын тікелей эфирден тыңдады. Сотталған азаматтар ел дамуының кезекті жолдарын айқындап беретін Мемлекет басшысының Жолдауын тапжылмай тыңдап, қандай әлеуметтік-экономикалық салаларға басымдық берілетіндігіне қанықты.
Президент бұл жолғы Жолдауында Қазақстан тұрғындарының әл-ауқытының жақсаруына бағытталған бірнеше жоспарларды, атқарылуға тиісті міндеттерді саралай келіп, тиісті министрліктер мен ведомство басшыларына тың тапсырмалар жүктеді.
– Жолдау жаңа бастамалардың басы. Биылғы Жолдауды тыңдай отырып, барлық салаға ерекше көңіл бөлінгені қуантады. Шын мәнінде, ұйымдасқан ұтады. Мықты мемлекет болу үшін ұлттың ұйыса білуі айрықша маңызды, - дейді жазасын өтеушінің бірі.
Әбдуғани Құдайқұлов, ЖД-158/4 мекемесінің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысын жүргізу бөлімінің бастығы әділет капитаны.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




