Давид Дегтярев – Токио Паралимпиадасының чемпионы
Бүгін Токио Паралимпиадасында 54 килоға дейінгі салмақта пара пауэрлифтингтің ерлер арасындағы финалы аяқталды. Отандасымыз Давид Дегтярев бұл бәсекеде топ жарып, ұлттық құрама қоржынына алғашқы алтынды салды. Давидтің үздік көрсеткіші 172 килограмм.
Алғашқы мүмкіндігінде 170, сосын 172 мен174 килоны ырқына көндірді. Франциялық Аксель Боурлон күміс, грекиялық Димитриос Бакохристос қола жүлдеге ие болды.
Естеріңізге сала кетсек, Токио қаласында 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Паралимпиада ойындары өтуде. Паралимпиада ойындарында ел намысын спорттың 7 түрінен 26 спортшымыз қорғайды.
Олимпиада мен Паралимпиада спортшыларына мемлекет тарапынын сыйақы мөлшері бірдей тағайындалады. Атап айтсақ, бірінші орын алған спортшыға 250 мың доллар, екінші орынға 150 мың доллар және үшінші орынға 75 мың доллар мөлшерінде сыйақы төленеді.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




