Бойыңда қайратың тасып, еңбекке етене араласатын кезең, әрине – жастық шақ. Жұмыс істеу арқылы адам шабыттанады, шынығады, ширығады. Осылайша болашақтағы бағыттың негізі қаланады. Дегенмен, еңбек ете жүріп те сан түрлі ойдың құрсауында қалатын сәттер аз болмайды. Әркімді әртүрлі ой мазалайды, толғандырады. Қанша адам болса, сонша идея болары даусыз. Осы орайда біз өңірдің өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүрген бірқатар жастарды әңгімеге тартып, пікірлерімен бөлісуге тырыстық. Сонымен... – Сіз бос уақытыңызды қалай пайдаланып жүрсіз?
[caption id="attachment_12633" align="alignleft" width="151"] Жанәділ Оспанов, облыстық «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы:[/caption]– Жұмыс бабына қарай кейде бос уақытың бола бермейді. Себебі, жұмыс көп және өте қауырт. Мойныма артылған сенімге селкеу түсірмей, елдің үкілеген үмітін ақтауды асыл борышым деп есептеймін. Тіпті, сенбі-жексенбі күндері де жұмыс орнымнан табыламын. Тапсырылған әр жұмысты уақтысында бітіргенде ғана жаным жай табады. Негізінде, бос уақыттың өзі кейде адам баласын босаңсытып жіберуі ғажап емес. Ал бос уақытым бола қалған жағдайда өзімнің туып-өскен ауылыма, отбасыма қарай асығамын. Қаланың тынымсыз тіршілігінен сәл де болса сырт қалып, табиғат аясында тыныстағанға не жетсін?!
[caption id="attachment_12634" align="alignright" width="167"] Гүлсара Мұқтарқұлова, облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі:[/caption]– Мен бос уақытым бола қалған жағдайда үйіме асығамын. Себебі, «әйел бақыты – сүйікті жар, аяулы ана атану». Осы сөзді әрдайым жаныма медеу тұтып, «отбасы – ошақ қасы» деген ұғымды басты бағдарыма айналдырғанмын. Мен үшін нағыз демалыс осы. Менің отбасым – менің бақытым! Десе де, табиғатқа шығып бос уақытты қызықты өткізген кімге ұнамасын?!
[caption id="attachment_12632" align="alignleft" width="180"] Темірлан Сұлтан, «Қазақстан Студенттерінің Альянсы» қоғамдық бірлестігінің облыс бойынша көшбасшысы:[/caption]– Бос уақытымның басым көпшілігін қоғамдық жұмыстарға атсалысуға арнаймын. Облысымыздағы болып жатқан іс-шаралардың басы-қасынан табылып, қолымнан келгенше қолғабыс етемін. Десе де бұл көрініс бос уақытқа жата қоймас. Көбіне ғаламтордың ғажаптарын қарап, өзіме керекті материалдарды жинақтағанды жақсы көремін. Соңғы кездері бос уақытымда құрбымның берген кітабын оқып жүрмін. Осы арқылы әдеби туындыларға қызығушылығым арту үстінде.
P.S Бақытты кезеңде өмір сүріп жатқан жастарға өзін таныту үшін мүмкіндіктер өте көп. Бүгінгі күн – талантты, жігерлі, арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерік-жігері бар адамдардың уақыты. Сол себептен уақытымызды бақытымызға айналдыру өз қолымызда. Бернард Шоудың сөзімен айтар болсақ – «Жастық шақ – бұл тамаша нәрсе, оны рәсуа ету қылмыс...»
Жоба жетекшісі: Көсемәлі Сәттібайұлы ckosemali@mail.ru
Фариза ӘБДІКЕРІМОВА fariza_abdikerimova@mail.ru
Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ tursynbek-ak-zhol@mail.ru
Ұқсас жаңалықтар
«Менде жеке тұлғаларға табынушылық жоқ»
- 19 желтоқсан, 2024
«Тарихи мәні, тағдырлы мағынасы терең мереке»
- 16 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді