Жаңалықтар
«ASHYQ»-пен «қызыл» статусы бар 18 азаматқа айыппұл салынды
- author «Ақ жол»
- 20 тамыз, 2021
- 608
«ASHYQ»-пен «қызыл» статусы бар 18 азаматқа айыппұл салынды
Үйде оқшаулау тәртібін бұзғаны үшін 18 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу» бойынша 87 510 теңге (30 АЕК) мөлшерінде айыппұл салу арқылы әкімшілік жазалау шаралары қабылданды. Он сегіз азаматтың 14-і Тараз қаласының, төртеуі Жуалы, Шу, Сарысу, Талас аудандарының азаматтары.
COVID-19 инфекциясына оң ПТР тест нәтижесі бар азаматтар қоғамдық орындарға барып, «ASHYQ» қосымшасы бойынша жұмыс істейтін ХҚКО, дәмхана, жоғарғы оқу орындары және тағы да басқа нысандардың қызметтерін пайдаланған.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті үй карантиніндегі адамдарды оқшаулау шарттарын қатаң сақтауға шақырады.
Карантин талаптарын сақтау – әр адамның азаматтық міндеті. Ол өзін ғана емес, өзгелерді де, айналасындағы жақындарын да ойлауы керек. Олардың өміріне де жауапты екендіктерін ұмытпағандары жөн.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




