Жаңалықтар
Облыс әкімі Елдос Сметовке темір тұлпардың кілтін табыс етті
- author «Ақ жол»
- 18 тамыз, 2021
- 509
Облыс әкімі Елдос Сметовке темір тұлпардың кілтін табыс етті
Облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, дзюдо шебері Елдос Сметовті қабылдады.
Кездесуде аймақ басшысы спортшының жетістіктерін жоғары бағалап, ол тек Жамбыл облысының ғана емес, еліміздің намысын абыройлы қорғап, мерейін тасытып жүргенін айрықша атап өтті.
- Жамбыл жерінен шыққан спорт саңлақтары аз емес. Солардың бірі де бірегейі – Елдос Сметов деп білеміз. Сенің жетістігің, спорттағы табыстарың – бүгінгі жас буынға үлгі-өнеге. Сен өзіңнің мықты спортшы екенінді тағы да дәлелдей түстің. Барша жанкүйерлердің үмітін ақтадың,- деді Бердібек Сапарбаев.
Сондай-ақ, облыс әкімі Елдос Сметовке жаңа автокөліктің кілтін табыстап, алдағы уақытта да ел спортың дамыту жолындағы елеулі еңбегіне сәттілік тіледі. Ал, жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиевке 1 миллион теңгенің сертификаты табыс етілді.
Өз кезегінде дзюдошы да құрмет білдірген облыс басшылығына алғысын жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




