Бір күнде 4 мың кірпіш дайындайды
Сарысу ауданы Жайылма ауылының тұрғыны Бекмұрат Амангелдіұлы шағын цех ашып, күніне 4 мың кірпіш дайындап жатыр. Еңбекке елді мекеннің 4 азаматын тартып, бүгінде 25 мың кірпішке тапсырыс та алып үлгерген. – Өзімнің алған мамандығым инженер-механик. Қалада біраз уақыт қызмет атқардым. Бұл цехты ашпас бұрын көп іздендім. Сөйтіп ауылдың бос жүрген жігіттерін жұмысқа тартып, еңбекке баулығым келді. Ойлаған ісім жүзеге асты. Осы цех ашылғанына екі аптадай уақыт болды. Күнделікті төрт мың кірпіш шығарып жатырмыз. Кірпіштің көлемі 25х12, ені 7. Кейін ол қатты қысымның әсерінен қалыпқа келіп, кесіледі. Тек содан соң кептіріледі. Қарамағымда 4 адам жұмыс жасайды, күнделікті табысы – 5 мың теңге. Қазір ауылдың өзінен 25 мың кірпішке тапсырыс түсті. Бағасы қолжетімді, – дейді ол.
Жайылма ауылында мұндай цех осыдан 50 жыл бұрын болған көрінеді. Тек тоқырау жылдарында бұзылып, тұрғындар құрылысқа қажетті кірпіштерді басқа жақтан тасымалдаған.
– Шағын ауыл болса да баспана салады, қора-қопсысы бар, құрылыс жұмыстары тоқтамайды ғой. Қажетті заттар өзімізден шыққан соң бағасы да қымбат емес. Алдағы уақытта мемлекет тарапынан көмекке қол жеткізе алсам пеш салып, қызыл кірпіш шығаруға ниеттімін, – дейді Б.Амангелдіұлы.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Неліктен Атом энергетикасы Қазақстан үшін маңызды?
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді